Түркия астанасы Анкара қаласында қазақтың үш бәйтерігі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды SN.kz ақпарат порталының Анкарадағы тілшісі.
Қазақстанан арнайы ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып келді. Сондай-ақ дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай, Бейбіт Мұса өнер көрсетті.
"Қазақстаннан, туған жерден келген қонақтарға қош келдіңіздер дегім келеді. Қазақтың 3 бәйтерегіне арналған шарада бізді жалғыз қалдырмағандарыңыз үшін көп рахмет", деді Анкарадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбеков.