Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императорының интронизация рәсіміне келді, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиғадан алынған фотоны Twitter-де Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.
«Қазақстанның тұңғыш президенті Жапония императоры Нарухитоның интонациясының ресми рәсіміне қатысады», - делінген хабарламада.
Мұндай іс-шараға елбасы фрак киді. Әдетте, Нұрсұлтан Назарбаев галстук пен қою көк түсті костюмдерді таңдайды. Елбасы 2008 жылы 8 наурыз мерекесінде және 2014 жылы жаңажылдық құттықтау бейнесімен құттықтаған кезде фрак киген еді.
Фрак - white tie ақ түсті киім коды. White tie - бұл киім үлгісінің ең қатаң түрлерінің бірі. Әйелдер үшін кешкі көйлек, белдемше, қолғаптар ұсынылады. Ер адамдар ашық түсті галстук, ақ көйлек және жилеті бар қара костюм киеді.