Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Биыл бензин және дизель отыны бағасының өсуіне еш негіз жоқ. Қауесет, инсинуациялар, жорамалдар жасап керек емес. Биыл ештеңе өзгертейін деп жатқанымыз жоқ, оның ішінде акциз де бар. Нүкте», - деді Қанат Бозымбаев журналистердің сұрағына үкімет кулуарында.
Ведомство басшысы Әділет министрлігі Энергетика министрлігі мен ҰҚК және Қаржы министрінің біріктірілген бұйрығын тіркегенін айтты. Онда Қазақстан аумағынан түрлі түсті және басқа да мұнайөнімдерін көлікпен тасымалдауға тыйым салынатыны көрсетілген.
«Енді бензин, дизель отыны және басқа да мұнайөнімдері Қазақстан аумағынан алты айға шығаруға тыйым салынды», - делінген энергетикалық ведомство басшысы. Осыған дейін министр Қазақстанда бензин ресейлік бағаға жетуі мүмкін екенін айтқан еді.