$ 445.66  474.58  4.78

Таразда қарақұйрық атқандар қолға түсті (ВИДЕО)

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Қарақұйрықты атқан браконьерлер ұсталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.

«2019 жылғы 21 қазанда сағат 11:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары рейдтік шара барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында үш бас қарақұйрық аңын заңсыз атқан Тараз қаласының екі азаматы ұсталды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. 

Қарақұйрық Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Қарақұйрықтың бір басына зиянды өтеу ставкасының мөлшері 400 АЕК (1 010 000 теңге) құрайды. 

Дереккөз:baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары