Қарақұйрықты атқан браконьерлер ұсталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.
«2019 жылғы 21 қазанда сағат 11:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары рейдтік шара барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында үш бас қарақұйрық аңын заңсыз атқан Тараз қаласының екі азаматы ұсталды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
Қарақұйрық Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Қарақұйрықтың бір басына зиянды өтеу ставкасының мөлшері 400 АЕК (1 010 000 теңге) құрайды.
Дереккөз:baq.kz