Оралда қыз бөлісе алмаған екі жігіт төбелесіп, соңы өліммен аяқталды, деп жазады tdk42.kz.
Қылмысқа қатысты мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарды.
19 жастағы сотталушы сүйіктісімен 3 жыл бірге болған. Кейін айрылысып, бойжеткен 20 жастағы жігітпен кездесе бастаған. Бұны естіген бұрынғы жігіті қыздың жаңа сүйіктісін кездесуге шақырған. Екі тарап та достарымен бірге кеп, төбелескен. 19 жастағы жігіт марқұмға пышақ сұғып өлтірген.
Сот айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Және қайтыс болған ер адамның отбасына моральдік әрі материалдық өтемақы ретінде 3 млн 800 мың теңге өтеуге міндеттеді.