Детекторсыз-ақ, оның сүйетіндігін... алдап жүргенін... көңілі басқада екенін... сезімінің жалғандығын... бәрі-бәрін білуге болады екен, деп жазады Ernur.kz.
Жантану мамандары адамның КӨЗінен ғана емес, сөйлеген СӨЗінен де оның пиғылын анықтауға болады дейді. Олардың айтуынша, тіпті, вацапта жазған қысқа ғана смс-терінен де оның көңіл көлінің ТАЗА немесе ЛАС екенін, сезімінің шынайылығын білуге болады екен.
Психологтар адамдардың вацап желісінде жиі қолданатын сөздеріне талдау жасай келе, былай дейді:
Егер үнемі ол бірінші болып саған «Қайырлы таң!», «Қайырлы түн» тілесе, онда сенімен сөйлескісі келгені. Бұл сөздер сөйлесуге себеп іздегенін білдіреді.
Бұл смс-хаттың астарында бірнеше ой жатыр.
Егер, бұл смс-хат күндіз жазылса, сен оның ойындасың.
Егер, күндіз де, түнде де осындай смс жіберетін болса, онда сағынғаны.
Ал, егер бұндай хатты ол үнемі тек түнде жазса, зеріккені, қайда барарын, не істерін білмегені.
«Қашан келесің? Бүгін кездесеміз бе?» деген хатыңа «хабарласармын», «өзім хабарласамын» деген жауап келсе, аса күтпей-ақ қой. Өйткені, оның жауабында нақтылық жоқ. Саған деген сезімі де нақты емес.
Оның дәл қазір сезім байланыстырып жүрген басқа сүйгені бар немесе сенен де маңызды шаруалары жетерлік.
«Өзім хабарласамын» деген жауап сонымен қатар, «егер, сенен маңызды адам бүгін кездесуге шықпай қойса онда мүмкін саған қоңырау шаламын» дегенінен де хабар береді.
Жазған смс-хатыңды ол оқығанымен, жауап 1-2 сағаттан соң немесе кешке «Кешір, жауап беруге уақытым болмады. Қалайсың?» деген түрде келсе, оның сезімі шынайы емес немесе сенде мүлде көңілі жоқ. Әрине, егер бір рет жауап кешіксе, онда оны түсінуге болады. Ал, үнемі ол кешіктіріп жауап жіберсе, онда сен оның ойында да, жүрегінде де емессің. Сен «запастағы» адамсың. Есте ұстаңыз, егер, оның шын көңілі болса, кез келген уақытта сөйлесуге мүмкіндік таба алады. Шынымен уақыты болмаса, ол қолы босай салысымен, жауап береді. Жіберген видеоларға, «қайырлы түн» тілегіңе «рахмет» деп міндетті түрде жазатыны да – оның сезімінің шынайылығын, көңілінің тазалығын ұқтырады. Сүйген адам қашанда жылдам жауап береді, ал уақыты болмаса оны да жазып ескертеді, әйтеуір жауапсыз қалдырмайды.
Осылай дейді психологтар. Бұл ең көп қолданыстағы смс-жауаптар. Ал, саған келетін бұдан өзге де смс-жауаптардың астарына үңілгің келсе, «Не жазды? Не үшін жазды?» деген сұрақты қайталай отырып оқысаң болғаны. Бірте-бірте өзің-ақ әр сөздің үнін психологтар секілді «ести» бастайсың.