Жаңалықтар 23.10.2019 сағат 02:16

Қызылорда облысында рұқсатсыз сексеуіл кескен азамат ұсталды

Сексеуілді жасыру үшін тіркеменің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.
Қызылорда облысында рұқсатсыз сексеуіл кескен азамат ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлады облыстық табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі, деп жазады BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 18 қазанда "Батыс Қытай-Батыс Еуропа"  тас жолының 1820-шақырымында табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері "К" есімді азаматтың басқаруындағы "DAF" маркалы, мемлекеттік белгісі KF789A (тіркемесі GG149U) жүк көлігін ұстады.

Тіркемені қарау барысында кесу және тасымалдау рұқсатынсыз, салмағы 22 тоннаны құрайтын сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуілді жасыру үшін тіркеменің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.

 Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдап келген.

"Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке 600 мың теңгеден астам шығын келді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратты есепке алу кітабіна тіркеліп, тергеу реттілігі бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасына жолданды.

Қазіргі таңда полиция органымен ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар