$ 498.34  519.72  4.85

Арыстағы жарылыс кезінде көзіне жас алып, видео түсірген сарбаз қазір қайда жүр?

Осыған дейін ол басқа әскери бөлімде борышын өтеген, сосын жағдайды өзгерту үшін ауысып кеткен.

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыста жарылыстар болған кезде түсірілген атышулы видеоның кейіпкері бүгінде қайда жүргенін айтты. Видеода сарбаз өліп кетемін деп ойлап, ата-анасымен қоштасып, оларды жақсы көретіндерін айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Тілшінің министрлікке жолдаған сауалдың жауабында лейтенант Исатай Әлібаев Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде тәрбие және идеология жұмысы бойынша рота командирінің орынбасары қызметін атқарады екен. Осыған дейін ол басқа әскери бөлімде борышын өтеген, сосын жағдайды өзгерту үшін ауысып кеткен.  

2019 жылы 24 шілдеде И.К. Әлібаев денсаулығына зиян келгені туралы немесе басқа да ауыртпалық болғаны туралы ештеңе айтпаған және медициналық көмек қажет етпеген. 2019 жылы шілденің 12-22 аралығында ол психологиялық-моральдық жағдайын жақсарту мақсатында республикалық "Жас Ұлан" мектебіне әскери қызметкерлердің балалар тобына қараушы болып, "Жас Сарбаз" жазғы лагеріне барды", - деді ведомство өкілдері.  

Сондай-ақ, Арыстағы жағдайға байланысты лейтенант жауапкершілікке тартылмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс