Әлеумет 23.10.2019 сағат 11:45

Нұр-Сұлтанда балық өнімінің ішінен паразит табылды

Комитеттің хабарлауынша, қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікке нұсқама берілді. Сондай-ақ, лабораториялық зерттеулер нәтижесінде, 203-баптың 1-тармағына сәйкес 45 АЕК, яғни 56812,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтанда балық өнімінің ішінен паразит табылды
Фото: vestifinance.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бас қала дүкеніндегі балық өнімінен паразитті құрт табылды, деп хабарлайды Елорда Инфо, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Елордада «Суюрова Л.Ф.» жеке кәсіпкерлігіне қарасты Гете, 1 Б мекенжайында орналасқан «Агидель» дүкенінде паразиті бар балық өнімі табылды. Шығарылған күні мен жарамды мерзімі көрсетілмеген Минтай атаулы белгісіз балық өнімінен Pseudoterranova құрт тұқымы табылды», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікке нұсқама берілді. Сондай-ақ, лабораториялық зерттеулер нәтижесінде, 203-баптың 1-тармағына сәйкес 45 АЕК, яғни 56812,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Комитет ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы заңының 6-бабына сәйкес тұтынушыларға тауар және олардың қызметі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, комитет сайтына жарияланатынын хабарлайды. Бұл жұмыс өз кезегінде тұтынушыларға дұрыс тауар таңдауына бағытталады және тауар өндірушілер мен сатушыларға да тиісті шаралар өткізіледі», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар