Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының бірқатар әскери соттар таратылды, деп хабарлады Хабар 24 - ҚР әскери сотының баспасөз қызметііне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:
Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;
Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты; Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;
Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;
Жарлық заңды күшіне енді. Сонымен қатар, соттылығына қарай: Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;
Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері Ақмола гарнизоны әскери сотына;
Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды.