23.10.2019, 21:39

Қарағандыда «Лексусымен» 5 көлікті соғып, талқандаған азамат 2 айға қамалды

Оны полицейлерден арашалап әкетпек болған екеудің бірі – 3, екіншісі 5 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Қарағандыда «Лексусымен» 5 көлікті бір-ақ соғып талқандаған азамат екі айға тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оны полицейлерден арашалап әкетпек болған екеудің бірі  – 3, екіншісі 5 күнге әкімшілік қамауға алынды. 

Тәртіп сақшыларына барынша қарсылық көрсеткен адамның кім екені айтылмай отыр. Дегенмен бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 49 жастағы азамат ұн өндірісі саласындағы ірі кәсіпкер екен. Біраз адамды зардап шектірген жол апатын жасаған оны сотқа дейін қамауда ұстау туралы санкция шығарылды. Араққа сылқия тойып көлікке отырған ол қазанның 20-сы күні жол апатын жасаған. Қатты жылдамдықпен аулалардың бірінде тұрған 5 көлікті бірден соққан. Соның салдарынан бір көлікте отырған екі адам зардап шекті. 25 жастағы жігіт жеңіл жарақат алса, 29 жастағы келіншек әлі ес-түссіз жатыр.  

Тегтер: Қарағанды