$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте ұйықтап қалған баланы 300 адам 6 сағат іздеген

Оқиға балалар арасындағы ойыннан басталған.

Ойнаймын деп елді дүрліктірді! Шымкентте жасырынбақ ойнаған сегіз жасар баланы 300-дей адам алты сағат іздеген. Сөйтсе бала ұйықтап қалыпты, деп жазады КТК телеарнасы.

Оқиға балалар арасындағы ойыннан басталған. Сегіз жасар Жасұлан көрші балалардан тығылыпты. Оны іздеп таба алмаған жеткіншектер тарап кетіп, кешкі сағат сегізде ата-анасы шарқ ұрып іздейді. Аяқтан тозған олар арада екі сағат өткенде полицейлердің көмегіне жүгінеді. Көрші-қолаң, тәртіп сақшылары – 300-ге жуық адам аяқтан тозып іздеп жүрсе, бала есік алдында тұрған қораптың астында ұйықтап жатыпты. Бірнеше сағат бойы жеңіл киіммен жатқан Жасұлан тоңып қалыпты. Тоңып әрі қорқып қалғаны болмаса, балақай дін аман.

Әкесі: 

- Баланы тауып бергендеріңізге баршаңызға рақмет! Аманесен табылды. Көршілеріме ризамын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент