24.10.2019, 01:25

Түркістан облысында 7 сынып оқушысы жоғалып кетті

Дияр 21 қазан күні сағат 13:00-де Атакент қаласы Мақтарал ауданында жоғалып кеткен.

Түркістан облысындa Мұхамедин Дияр есімді 7-сынып оқушысы жоғалып кетті, деп хабарлайды NewTimes.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, Дияр 21 қазан күні сағат 13:00-де Атакент қаласы Мақтарал ауданында жоғалып кеткен.

"Оның бойы - 160-165 см, шашы - қара, көзі - қара, арықша келген. Үстіне - қара киім киген", - делінген хабарламада.

Түркістан облыстық полиция департаменті қандай да бір ақпарат білетіндерге  8-725-32-3-03-688-725-32-3-06-59 немесе 102 пультіне хабарласуын сұрайды.