$ 445.66  474.58  4.78

Алматы тұрғындарының жаңа салынған балалар алаңына көңілдері толмайды

Жаңа аула деген аты болғанмен нағыз керекті дүние қарастырылмаған дейді олар.

Жоспар әу баста дұрыс жасалмаған дейді олар. Тұрғындары көп аулада балалар ойнайтын сырғанақтар жетіспейді. Әрі қойылған әткеншектер бір-біріне жақын орналасқан. Одан қалды кір жаятын орын жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл жерде балаларым ойнайтын жер жоқ. Олар әлі кішкентай, ойнағылары келеді», - дейді бір тұрғын.

«Ауламызда не бар айтыңыздаршы? Түк жоқ қой?!», - деп қостады келесі бірі.

«Жылдың ең нашар жобасы ретінде медаль беру керек», - деді тағы бір тұрғын.

Тұрғындар өз алаңқайын көрші аулалармен салыстырып отыр. Онда бәрі тиянақты жасалса керек. Үкімет қаржысына салынған соң осында тұрып жатқан бізбен бірауыз ақылдасу керек еді. Жаңа аула деген аты болғанмен нағыз керекті дүние қарастырылмаған дейді.

«Отыратын жер болмады. Мына орындықтарды қойғандарына бір апта ғана болды. Онда да сүйеніп отыратын арқасы жоқ. Күркешелерді де жөндеп қоймады. Мына әткеншектің қасына футбол алаңын салыпты.  Аяқтарымен тепкенде келесі жылы-ақ жыртылады ғой», - деді Нәзия НУРАЛИНА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы