24.10.2019, 04:00

Қазақстан құрамасы Албанияны ойсырата жеңді

Фото: Prosports.kz
Бүгін алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы 5 топта Албания, Нидерланд және Румыния футзалшыларымен күш сынасады. Бүгін алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізді.

Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өткен матч 4:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. 

Әлем чемпионаты. Іріктеу. Негізгі кезең. 5-топ

Қазақстан - Албания - 4:0 (1:0)

Гол соққандар: Акбаликов 5:15, Тайнан 25:19, Дуглас Жуниор 30:18, Тұрсағұлов 36:41

Кака шәкірттері келесі ойынын ертең, 24 қазанда Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. 

Тегтер: Қазақстан