24.10.2019, 09:30

Қызыл жалын монша кешенін шарпыды

фото: www.popmech.ru
Сағат 11.24-те «Русские бани» монша кешенінің өртенгені жөнінде хабар түскен.

Батыс Қазақстан облысында монша кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Жайық ауылында болды. Сағат 11.24-те «Русские бани» монша кешенінің өртенгені жөнінде хабар түскен. 

Осы ауданда орналасқан №22 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушілері жеткен кезде аталмыш кешенде №7 моншаның (35 шаршы метр) және №8 моншаның ішінара (15 шаршы метр) төбесі жанғандығы анықталды. Соған байланысты №2 және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінен қосымша күш шақырылды. 

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 9 адам, 3 техника жұмылдырылды. Өрт 12.04-те оқшауланып, 12.17-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.

 

Тегтер: өрт монша