$ 474.72  515.17  5.58

24 өзбек шекарашыларды алдамақ болды

«Сарыағаш» шекара отрядының «Сарыағаш теміржол» бақылау бөлімшесінде (қазақ-өзбек шекарасы) кеше түс кезінде шекарашылар «Алматы – Нөкіс» бағытымен кетіп бара жатқан №322 жолаушылар пойызынан ең егдесі елу жетідегі, ең кішісі он тоғыздағы 24 Өзбекстан азаматын жалған құжатпен жүргенін анықтады.

Төлқұжаттарына Алматы қаласы бойынша миграциялық полиция бөлімінің 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін біздің елде жүруге рұқсат беретін қолдан жасалған № 1705 мөрі басылған. Ұсталғандармен ҚР Қылмыс кодексінің 385 бабының 3 бөлігі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы айналысатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары