Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиевті делдал арқылы жалпы сомасы 1,2 млн. теңге көлеміндегі кезекті параны алып жатқан жерінде ұстады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Аталған тұлға жүйелі түрде ведомствоға бағынышты кәсіпорынның директорынан лауазымынан айырылып қалмауы және оған қызметі жағынан қамқорлық көрсетіп отыруы үшін ақшалай қаражат талап етіп отырған»,-делінген хабарламада.
М.Сапарғалиевке қатысты «тұтқындау» бұлтратпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.