24.10.2019, 13:00

Nur.kz порталының бұрынғы журналисі 5 жылға бас бостандығынан айырылды

фото: kpcdn.net
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Nur.kz ақпараттық порталының бұрынғы журналисі Манас Бистаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. 

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты оны бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып этникалық араздықты қоздырғаны үшін айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

«Сот М.Бистаевтың 2019 жылғы 22-27 қаңтар аралығында әлеуметтік желілер арқылы мерзімді түрде монологтар жариялайтынын анықтады. Психологиялық және филологиялық сараптаманың қорытындылары бойынша ұлттық өшпенділікті, жеккөрушілік сезімдерін, сондай-ақ, қорлайтын пікірлерді қоздыратын белгілері бар екендігі анықталды», - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында М.Бистаев өзі түсірген бейнежазбаларды жоққа шығармай өз кінәсін толықтай мойындады. Енді ол жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өткізеді.

Екі кішкентай баласының болуын және сотталушының денсаулығының жай-күйі бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталды. Алайда осыған дейін екі рет ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан сот оған осындай үкім шығарған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: holanews.kz