Күйеуінен біршама уақыт бөлек тұрып, қайта қосылған келіншек жан сырын ақтарды. Хат иесінің сөзіне сенсек, ол күйеуіне адал болыпты. Жақында ғана қыз баланы дүниеге әкелген оған күйеуі сенбей жүрген көрінеді. Жары жаңа туған қызының өзіне ұқсамайтынын айтып шамданған екен.
Бұл туралы ол instagram әлеуметтік желісіндегі ushbu_hat парақшасында баяндады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Келіншектің сөзіне сенсек, күйеуі оған «баланы басқа біреуден таптың, мойында, кімнің баласы?» дейтін көрінеді.
«Сәлем админ анон болса екен. Мен мұнда жазған себебім ешкімге айта алмаймын, күйеуіммен 1 жыл бұрын ажырасып қаңтар айында қайта қосылдық, спираль болмағандықтан қайта келген соң бірден көтердім 3 баламды. Жақында қызды болдық бәрі жақсы деп қуанып жүрсем кеше маған бала менен емес дейді. Мойында кімнің баласы деді. Бар мәселе бала оған ұқсамайды екен. Менен де айнымай тұрғаны шамалы. Бала әлі қырқынан да шыққан жоқ әлі мың түрленеді десем қойш деп көнбейді. Тест жасат дедім. Бірақ, оған осы айтқаны үшін суып кеттім. Ішіме сияр емес есіме түссе жылағым келе береді», - деп жазды ол.
Отбасында жарының сенімінен айырылған келіншекке желі қолданушылары «Тест жасатып алдына лақтыру керек ондайлардың, жек көрем сондай еркектерді», «Біреуден бірдеңе естіп келген ғо», «Ойлап-ойлап жынды боласың, ДНК жасатып тынсын, нәтижесін көрген соң өзін кінәлар, сосын керісінше сен айтып отырасың», «Күйеуің жынды екен», «Ақталма», «Масқара осындай да санасыз, оспадар еркектер болады екен-ау, құдай сақтасын», - деп бірі ақылын айтса, енді бірі оның күйеуін жерден алып, жерге салуда.