$ 441.58  480  4.86

Елімізде биыл қыс қандай болады?

Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен күндер де болады.

«Қазгидромет» РМК басшысы Марина Шмидт қыста Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Биыл қараша айында елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градус жоғары болмақ. Тек еліміздің батысы мен шығысында ауа температурасы нормаға сәйкес болады. Республикамыздың басым бөлігінде бір айға жуық көлеміндегі жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болса, Оңтүстік Қазақстанның шет жағында нормадан асады. Ал оңтүстік-батысында нормадан төмен болады», - деді «Қазгидромет» басшысы. 

Атап өтілгендей, қыстың алғашқы екі айы – желтоқсан мен қаңтарда ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. 

«Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен күндер де болады. Желтоқсан айы жауын-шашынды болатыны күтілсе, ақпан айында еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 градусқа төмен температура орнайды», - дейді ол. 

Ақпан айында еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз түседі, ал солтүстік-шығыста оның мөлшері - нормаға сай. 

М.Шмидтің айтуынша, қараша айында синоптикалық құбылыстардың араласуы болмаса қар, жел, көктайғақ күтуге болады. 

«Биыл қыс мезгілі салыстырмалы түрде – жылы. Ақпан айында ғана ауа температурасы нормадан 1-2 градус төмен болуы мүмкін», - дейді «ҚазГидромет» РМК басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы