24.10.2019, 20:34

Алматыда ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірген

Фото: Dinikhaber.com
Қонақүй фойесінде баласынан айрылған бір әйел көз жасы көл боп жылап отырған.

Алматыда ер адам 24 қазан күні туған баласын тұншықтырып өлтірді. Оқиға "InterContinental" қонақүйінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонақүй фойесінде баласынан айрылған бір әйел көз жасы көл боп жылап отырған.

Қазір ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.