24.10.2019, 20:59

Алматылықтар тағы жылусыз қалды

Апат түскі уақытта Райымбек пен Байзақов көшелерінің қиылысында болды.

Алматыда тағы да жылу құбыры жарылып, 40 нысан жылу және ыстық сусыз қалды. 

Апат түскі уақытта Райымбек пен Байзақов көшелерінің қиылысында болды. Жарылған құбырдан ыстық су атқылаған. Әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ. Соңғы 10 күнде қалада осындай үш апат болды. Су мен жылуға жауапты Алматы жылу жүйелері серіктестігінің өкілдері бұл жағдайды құбырлардың ескіргендігімен түсіндіреді. Мекеменің есебінше қаладағы құбырлардың 60 проценті тозып тұр.  

Ян Гирин, «Алматы жылу жүйелері» серіктестігінің ресми өкілі:  

-Қалада 700 шақырым жылу құбырларын қайта жөндеу керек. Бұл жұмыс бір жылда бітпейді. Ал осы құбырдың тесілу салдарынан жылусыз қалған 40 нысанға ыстық су мен жылу түнде беріледі.

Тегтер: Алматы