25.10.2019, 07:39

Мұрын бітелгенде не істеу керек?

Мұрынның бітелуін химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ тез күнде емдеуге болады.

Мұрынның бітелуі – тұмау ауруының алғашқы белгілерінің бірі. Егер дер кезінде ем қабылдамасаңыз, асқынып мұрынның шырышты қабығының суықтауына әкеледі. Мұрын көбінесе ұйқыға жатқан кезде бітеліп,  мазаңды алады. Мұрынның бітелуін химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ тез күнде емдеуге болады. Ол үшін біз ұсынған мына әдістің біреуін жатар алдында қолданыңыз. Нәтижесін бір реттен соң-ақ байқайсыз.

1. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан салқын суға 1 ас қасық үгілген түймедақ (ромашка) гүлін салып, отқа қоясыз. Қайнауға дейін жеткен кезде, отты өшіру керек. Салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны мұрныңызға 2 тамшыдан тамызасыз. Ескеріңіз, тұнбаны қолданатын кезде жылу болуын қадағалаңыз. 

2. Ұнтақталған 1 ас қасық жолжелкенді (подорожник) 1 стақан қайнаған суға саласыз. Тұнба бөлме температурасында салқындаған кезде сүзіп алып, мұрныңызға 1 тамшыдан тамызасыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.

Алоэ жапырағын езіп сөлін аласыз. Дайын болған сөлді 5 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызыңыз. 3 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға 34 тамшыдан, ал 3 жасқа дейінгі балаларға 2-3 тамшыдан тамызсаңыз, мұрынның бітелгенін тез емдейді.

Құрамында бояғыш заты мен иістендіргіш қоспасы жоқ теңіз тұзын таңдап алыңыз. Оның 1 шай қасығын 1 стақан жылы суға саласыз. Тұз ерігенше мұқият араластыру керек. Дайын болған тұзды суды кез келген жастағы адамдарға қолдануға болады. Тұз су – тұмауды, суықты және инфекциялық ауруларды емдейді. 

Дереккөз: Ernur.kz

Тегтер: денсаулық