25.10.2019, 09:15

Ең бай адам бір тәулікте 7 миллиард доллар шығынға ұшырады

фото: iz.ru
25 қазандағы есеп бойынша Джефф Безостың жағдайы 111 миллиард доллар деп есептеліп отыр.

Әлемдегі ең бай адамның бірі, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос бір тәулікте 7 миллиард долларынан айырылды, - деп хабарлайды CNBC. 24 қазанда Amazon үшінші тоқсан бойынша есеп берген. Есеп нәтижесі инвесторларға ұнамай, компанияның баға белгілеулері 6,6 пайызға төмендеген. 

Телеарнаның мәліметінше, Amazon компаниясының 57,6 миллион акциясы тиесілі Джефф Безос 6,9 миллиард долларынан айырылған.  

Сарапшылардың сөзінше, Amazon компаниясының акциялары төмендей беретін болса, Безос әлемдегі ең бай адам дәрежесінен айырылуы мүмкін. 25 қазандағы есеп бойынша Джефф Безостың жағдайы 111 миллиард доллар деп есептеліп отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер: доллар бай