$ 494.87  520.65  4.91

Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медальді жеңіп алды

Бүкіләлемдік әскери ойындар - әскери қызметші-спортшылар үшін Дүниежүзілік әскери спорт кеңесінің (CISM) аясында ұйымдастырылған спорттық жарыс.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы, жеңілатлетші майор Ольга Рыпакова Қытайдағы VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш рет секіруде алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Екінші талпыныста Ольга Рыпакова 14.19 метрге секіріп, Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының қоржынына екінші алтын медаль әкелді. 

Бұл жарыста 13.78 метр қашықтықты бағындырған итальяндық спортшы Оттавия Честонаро күміс жүлдені жеңіп алды. Үшінші орын 13.54 метр нәтиже көрсеткен Доминикан Республикасынан келген Анна Хосе Тимеге бұйырды. 

Бүкіләлемдік әскери ойындар - әскери қызметші-спортшылар үшін Дүниежүзілік әскери спорт кеңесінің (CISM) аясында ұйымдастырылған спорттық жарыс. Олар Олимпиада ойындары сияқты төрт жылда бір рет өткізіледі. Бірінші жарыс 1995 жылы Римде өтті. Биыл Қытайда өтіп жатқан сайыс 27 қазанда аяқталады. 

Жеті жарыс күнінің қорытындысы бойынша ең көп жүлделермен ойын иелері – Қытай көш бастап тұр. Қазақстандық құраманың есебінде екі алтын, бір күміс және бес қола медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары