$ 443.85  474.3  4.8

«Дірілдеп тұрған»: Рудныйда 30 жастағы ер адам асылып өлмек болды

30 жастағы жас жігіттің өзіне қол салмақ болып жатқаны туралы көршілері жеткізген.

Рудныйда полицейлер асылып өлмек болған жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

30 жастағы жас жігіттің өзіне қол салмақ болып жатқаны туралы көршілері жеткізген. Полицейлер ер адамды құтқарып үлгерді. Оқиға 20 қазан күні болды. 

Сағат 21:00 шамасында полиция басқармасына ер адамның үйдің подъезінде тұрып асылып өлгелі жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына аға сержант Қанат Уәлиев пен полиция лейтенанты Жәнібек Ғалымханов келіп жетті. 

«Мекенжаймен келе салысымен, біз баспалдақпен жүгіріп жоғары шықтық. Баспалдақ жолында дірілдеп асылып тұрған ер адамды көрдік», - деді Қанат Уәлиев. 

Полицейлер оның мойнындағы проводты алып, есін жиюға көмектескен. Осылайша тәртіп сақшылары алғашқы көмек көрсетіп, ер азаматты құтқарып қалды. Кейін жігіттің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болғаны анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Рудный