БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризмді қаржыландыру көздеріне қарсы күрес туралы қарарды қабылдады, деп жазады 24.kz.
ТАСС ақпараттық агенттігініңі хабарлауынша құжат «Ирак пен Леванттың террористік тобы», «аль-Каида» және «солармен байланысты тұлғалар, топтар, кәсіпорындар мен ұйымдарды» қаржыландыру және оларға кез келген өзге көмек түрі көрсетілуінің жолын кесуді қарастырады.
Қарар БҰҰ-ға мүше елдердің оны тез арада орындауын талап етеді. Құжат лаңкестердің «қаржысы мен қаржылық активтерін тез арада оқшаулап тастап», олардың «тура немесе жанама» түрде қаржыландырылуын болдырмауға, сондай-ақ «тұлғалар мен ұйымдарға жіберілетін қаржы мен өзге қаржылық активтердің, экономикалық ресурстар ағымдарының доғарылуы жөнінен әсерлі және шешуші іс-шаралар қолдануға» шақырады. ТГИЛ-ге қолдау көрсететін тұлғалар мен ұйымдар бұдан былай санкциялық тізімге ілігеді.