Алматы облысы Кеген ауданының 90 жылдығына орай жергілікті тұрғындар 90 метрлік көрпе тікті, деп жазады «Айқын» газеті.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады. Қолөнер шеберлері ерекше туындысын жақында аудан орталығында өткен мереке шеңберінде көрсетті.
Аудан тұрғындарын мерейтоймен құттықтауға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 90 метрлік көрпе жергілікті мектеп-интернатқа берілетінін жеткізді.