$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев браконьерлерді қатаң жазалау керегін айтты

Жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталған болатын.
Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға заңсыз киік мүйізін өткізбек болған браконьерлерді қатаң жазалау керегін айтты. Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазды.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деді ол өз жазбасынды.

Еске сала кетейік, жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары