28.10.2019, 02:10

Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі өзеннен табылды

Қарау кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ.

Оралда жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың мәйітін 27 қазан күні сағат 15:00 шамасында балықшылар Жайық өзенінен тапқан. Алдын ала болжам бойынша бұл бұдан бір ай бұрын жоғалып кеткен 1991 жылғы келіншектің денесі. Қарау кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. «Айфон 5» телефоны алынды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тегтер: Орал