$ 442.05  474.14  4.74

«Елес кездесуі мүмкін»: 8 млн теңге ұту мүмкіндігі бар ерекше байқау жарияланды

Байқауға қатысушының жасы 21-ден асуы тиіс. 40 парақшада жазылған келісімге қол қою керек.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әлемдегі ең қорқынышты квесттің авторы Расс Маккейми ерекше байқау жариялады. Ол квесттен өткен адамға 20 мың доллар (8 миллион теңгеге жуық) төлеуге әзір, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Sputniknews.kz.

АҚШ-тың Теннеси штатындағы экстремалды аттракцион иесі үйде әлі бірде-бір адам кем дегенде бір түн өткізе алмағанын айтады.

Квест тақырыбына сәйкес экстримді ұнататындар өрмекші, елес және түрлі құбыжықтармен кездесуі мүмкін. Шынайы болғаны соншалық адамдар үйден қашып шығады екен.

Байқауға қатысушының жасы 21-ден асуы тиіс. 40 парақшада жазылған келісімге қол қою керек. Сондай-ақ, психиатр мен нарколог маман анықтамасы қажет. Бұдан бөлек видео сынақ жасалады.

Бастысы, ойын кезінде айғайлауға, боқауыз сөз айтуға, тығылуға, заттар мен актерлерді ұстауға болмайды. Бұл ереженің біреуі бұзылса, қатысушы ақшалай сыйлықтан қағылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары