$ 448.89  477.93  4.76

Анасы 15 жастағы жоғалып кеткен қызын порносайттардың бірінен тауып алды

15 жастағы қыздың жоғалғанына бір жылға жуық уақыт болып, оған іздеу жарияланған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Флорида штатының Санрайз қаласының тұрғыны жоғалған қызының видеосын порносайттардың бірінен байқап қалған, деп хабарлайды Lenta.ru-ге сілтеме жасаған Zakon.kz.

15 жастағы қыздың жоғалғанына бір жылға жуық уақыт болып, оған іздеу жарияланған.

Әйелдің айтуынша, ол желіде өз баласының ашық-шашық суреттері мен видеоларын көрген. Полиция жоғалған қыздың қатысуымен түсірілген әртүрлі эротикалық сайттар мен әлеуметтік желілерден 60-қа жуық видеоны анықтады. Түсірілімге қатысқан ер адамның бірін қызбен бірге дүкеннің сатушысы 2019 жылдың ақпан айында көргенін айтқан.

Полиция қызметкерлері дүкеннің бейнетаспа мұрағатын көтеріп, оның көрші қаладан келген 30 жастағы Кристофер Джонсон екенін анықтады.

Содан полиция ер адамның үйін торуылдап, оны сырттай қадағалады. Полиция оның қасынан жоғалған қызды көрген кезде оны қамауға алды.

Жасөспірім барлық порно видео ер адамның үйінде түсірілгенін айтты. Қыздың айтуынша, Джонсон камера алдында онымен жыныстық қатынасқа түскен, бірақ, ер адамның өзі мұны жоққа шығарады. Сондай-ақ, жоғалған қыз өзінің сол ер адамнан жүкті болғанын, содан кейін оның аборт жасатуға клиникаға апарғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары