29.10.2019, 12:30

Көк-Жайлауда тау-шаңғылы шипажайын салуға тыйым саламын - Тоқаев

Осыған дейін, Алматы әкімдігі Көк-Жайлауда құрылыс әзірге басталмайтынын айтқан еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да "Көк-Жайлау" тау-шаңғылы шипажайына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Алматыда жұмыс сапары барысында өтіп жатқан жиналыста Президент шипажайды салу жобасының құрылысы проблема екенін атап өтті. 

"Қайтадан осы мәселеге оралмас үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, Көк-Жайлауда тау-шаңғылы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деді Қасым Жомарт Тоқаев.  

"Сондай-ақ, оған бүкіл кәсіби экологтар мен қоғам қарсы", - деді ол. 

Осыған дейін, Алматы әкімдігі Көк-Жайлауда құрылыс әзірге басталмайтынын айтқан еді.  

"Өсек-аяң болмас үшін тіке айтайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шипажай құрылысын кейінге қалдыру туралы тапсырмасы бар. Әкімдік осы тапсырманы ұстанады. Басқа бірдеңе қарастырылмайды және талқыланбайды", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.  

Сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев "Көк-Жайлау" жобасын кейінге қалдыру ұсынысын қолдады.  

"Алматы қ. əкімі Б. Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", - деп жазды Мемлекет басшысы.