29.10.2019, 15:15

«Алатау» кинотеатрын бұзу деген тағы не сөз?»: Тоқаев Алматыдағы ескі ғимараттарды бұзуға қарсылық білдірді

Сөз барысында мемлекет басшысы қаланың ортасына ғимарат сала бергенше, көлік қоятын орындарды салу керектігін ескертті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған сапарында қаладағы тарихи ғимараттарды күреу туралы әкім ұсынысын сынға алды, деп жазады Zakon.kz.

"Абылай хан даңғылында тұрған Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын бұзуға мүлдем қарсымын.Қабанбай батыр көшесіндегі үлкен қонақ үйді де күреуге болмайды. Жанында қарағай саябақ бар. Алатау кинотеатрын бұзу деген тағы не сөз? Алматының көне, тарихи орындары емес пе?!", – деді Тоқаев.

Сөз барысында мемлекет басшысы қаланың ортасына ғимарат сала бергенше, көлік қоятын орындарды салу керектігін ескертті.