$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандыда «Зайырлылық қағидаттарын нығайту – экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл негізі» атты республикалық форум өтті

Форум қатысушылары атап өткендей, еліміздің жетістіктерінің бірі - ол көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамның дамуына қолайлы жағдайдың жасалуы.

Қарағандыда «Зайырлылық қағидаттарын нығайту – экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл негізі» атты республикалық форум өтті. 

Форум осымен екінші рет ұйымдастырылды. Оған сарапшылар мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, ел аймақтарындағы дін істері жөніндегі басқармалар мен орталықтардың басшылары, теологтар, жастар, сондай-ақ облыс әкімдері орынбасарлары мен облыстың қалалары мен аудандарының ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты.

"Біз зайырлы мемлекет ретінде адамдарды зайырлы ұстанымдарға тәрбиелеп, олардың радикалды діни идеологияға деген иммунитетін дамытуымыз керек. Мәселен, Атырау облысында деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларын дерадикализациялау бойынша практикалық тәжірибе жинақталған. Бүгін осы аймақтың өкілі бұл туралы айтады. Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу, тетіктерді анықтау және одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар", - дейді Қарағанды облысы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.

Форум қатысушылары атап өткендей, еліміздің жетістіктерінің бірі - ол көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамның дамуына қолайлы жағдайдың жасалуы. Алайда түрлі діни және этникалық топ өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне мемлекетіміздегі Конституциялық тәртіпті өзгертуді мақсат еткен радикалды діни-экстремистік ұйымдардың әрекеті кері әсер етеді. Деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетіп, Таяу шығыс елдеріндеріндегі қарулы қақтығыстарға қатысқан еліміздің кейбір тұрғындары террористік актілер жасау арқылы заңсыз әрекеттерге барған.

Сарапшылардың пайымдауынша, аталған зұлымдыққа қарсы тұру үшін елдегі зайырлылық қағидаттарын нығайтып және ұлттық құндылықтарды насихаттау керек. Сонымен қатар, БАҚ мен әлеуметтік желілерде ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу қажет.

Форумда халықтың түрлі санаттары арасында зайырлылық пен ұлттық құндылықтарды түсіндірудің жаңа әдістемелері жасалынып, әлеуметтік желілерде діни ақпараттарды таратқаны үшін әкімшілік ықпал етудің тетіктері талқыланды.

Форумда Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайырола Көшқалиев өз департаментінің тәжірибесімен бөлісті.

"Менің осы форумға келуімнің мақсаты - әкімшілік тәжірибені қолданудағы озық тәжірибелермен бөлісу. Біз өз жұмысымызда жаңа технологияларды, атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарды бақылайтын арнайы кибершеберлер бағдарламасын қолданамыз. Жұмыс басқа мемлекеттік органдармен және дін істері басқармаларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ол үш кезеңнен тұрады. Біріншісі - алдын-алу, заңнаманы түсіндіру. Екінші кезең - мақсатты жұмыс, үшіншісі - әкімшілік ықпал ету. Бұл тәсіл өз нәтижесін беруде",- дейді Қайролла Көшқалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#форум