$ 441.58  480  4.86

Қазалыда құрылыс нысанында оқыс оқиғадан 2 ер адам мерт болды

Ресми емес ақпаттарға сүйенсек, оқиға шамамен сағат 17:00-де болған.
Фото: Tokkoro.com
Фото: Tokkoro.com

Қазалы ауданыны Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысанында 2 ер адам қайтыс болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми емес ақпаттарға сүйенсек, оқиға шамамен сағат 17:00-де болған.

"Бүгін Әйтеке би кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында оқыс оқиға орын алып, екі азамат қайтыс болды. 

Оқиғаға байланысты азаматтардың ата-анасы мен бауырларына, туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - делінген Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі Facebook-парақшасындағы хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазалы