Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй секторының бірінде ас үйі өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудандық кризистік жағдайлар бөлімшесіне Үшқарасу ауылында жазғы ас үйінен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Әуелі, жиһаз бен төсек-орынға от тиген.
«Өртті жергілікті тұрғындар таңғы сағат 8.40-та толығымен сөндірді. Оқиға орнынан 1959 және 1982 жылы туған екі адамның денесі табылды. Олардың жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында. Өрттің себебі мен кісі өлімінің мән-жайы анықталуда.