30.10.2019, 06:05

ЕО венесуэлалық босқындарға көмек көрсетуге шақырды

Фото: 24.kz
Оның үстіне АҚШ-тың санкциялары халықтың онсыз да мәз емес жағдайын ушықтырып жіберген.

Еуроодақ өкілдері халықаралық қауымдастықты Венесуэладан қашқан босқындарға көмек көрсетуге шақырып отыр, деп жазады 24.kz.

Айтуларынша, ел тұрғындарының жан-жаққа бас сауғалауына экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Оның үстіне АҚШ-тың санкциялары халықтың онсыз да мәз емес жағдайын ушықтырып жіберген. Жалпы, халықаралық ұйымдардың мәлімдеуінше, әлеуметтік және экономикалық түйткілдер кесірінен.

Венесуэладан 4 жарым миллионға тарта адам өзге елдерге кетіп қалған. Көбі көрші Колумбияны паналауда. Сарапшылар мұны "Латын Америкасындағы ең ірі көші-қон дағдарысы" деп отыр.

Тегтер: Еуроодақ