$ 448.15  483.46  4.86

Аманжол Қошановтың 85 жылдығына арналған симпозиум өтті

Симпозиумның жұмысына танымал отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Фото: Казахстанская правда
Фото: Казахстанская правда

Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың 85 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кеш иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатын оқып берді.

«Құрметті Аманжол Қошанұлы! 85 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сіз көрнекті ғалым ретінде отандық экономикалық ғылымды қалыптастыруға мол үлес қосып келесіз. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз және ілгері зерттеулеріңіз тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне өзіндік пайдасын тигізе беретіні сөзсіз. Денсаулығыңыз мықты болып, ізденіске толы өмір жолыңыздағы еселі еңбегіңіздің жемісін ұзағынан көре беріңіз», - делінген жеделхатта.

Симпозиумның жұмысына танымал отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Аманжол Қошанов экономист ғалым ретінде біздің елде ғана емес, ТМД елдерінде және шет мемлекеттерде де белгілі. Ол 15 ғылым докторын, 60-қа жуық ғылым кандидаттарын дайындады. 450-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 40 монографияның авторы ретінде танымал. Үкімет тарапынан еңбегі жоғары бағаланып, «Парасат» орденімен, «Белсенді еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «XXI ғасырдың көрнекті интеллектуалы» және тағы да басқа медальдармен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары