Ақтөбеде қарт адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«30 қазан күні сағат 08:35-те полицияға хабарлама түсіп, онда қаланың Әбілқайыр хан көшесінде 83 жастағы қарияның денесі жатқаны айтылды. Ол өз пәтерінен секіріп кеткен. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Себебі анықталуда», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.