30.10.2019, 15:30

Ең кәрі қазақ әйелі атанған әжей 125 жасында қайтыс болды

Фото: Ресейдің Рекордтар кітабы
Басылымның мәліметінше, Танзиля Бисембеева 1896 жылы дүниеге келген.

Астрахан облысы Алча ауылында 125 жастағы Танзиля Бисембеева қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Российская газета"-ға сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, Танзиля Бисембеева 1896 жылы дүниеге келген. Бірнеше революцияны өткерген. Ол биыл қаңтар айынан бастап әлемдегі ең кәрі адам ретінде саналған. Ол жайлы Ресейдің рекордтар кітабында да айтылады. 

Бисембаеваның артында үш ұлы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі қалды.  

Ал Гиннесс рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, бүгінде әлемдегі ең кәрі адам - Канэ Танака, ол 116 жаста.

Тегтер: әже