$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда "Мың бала" облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы әр түрлі ұлттардың балалары мен жастарына мемлекеттік тілді үйренуге, қазақ тілі мен мәдени ортасына шығуға, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуге мүмкіндік береді.

Қарағандыда облыстық "Мың бала" байқауының жеңімпаздары анықталды. Қорытынды шығару және марапаттау рәсімі Достық үйінде өтті.

Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" республикалық жобасы аясында өткізіледі. Оның басты мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және қазақ мәдениетін тану болып табылады. Қатысушылар арасында оқытушылар, оқушылар мен студенттер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар. Байқауға қатысушылар 4 номинация бойынша сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен келесідей жеңімпаздар анықталды: 

"Тіл мектебі" номинациясы бойынша Жамбыл атындағы ММИ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Шәрипа Қапашева;

"Асыл сөз" номинациясы бойынша - Виолетта Головастая, Шахтер кенті К. Шайменов атындағы ОМ 9 сынып оқушысы;

"Sende a kirpish dúnіege ..." - Жанна Сеченева, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (Шахтинск);

"Ózіm týraly" номинациясында - Карина Пантузенко, № 93 гимназияның 8 сынып оқушысы.

"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы әр түрлі ұлттардың балалары мен жастарына мемлекеттік тілді үйренуге, қазақ тілі мен мәдени ортасына шығуға, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуге мүмкіндік береді. Жоба қатысушылары қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдерді қарайды, шығармашылық жобаларды қорғайды, театрландырылған қойылымдар қояды, байқаулар мен жарыстарға қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#байқау