30.10.2019, 22:43

Ұшты-күйлі жоғалып кеткен кәсіпкер әйелдің денесі өз үйіндегі тоңазытқыштан табылды

Фото: Life.ru
Ваннидің жоғалғанын бауыры Ворафан хабарлаған.

Ванни Джирачароенинг 18 қазан күні Таиландтың Чиангмай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды life.ru

Ваннидің жоғалғанын бауыры Ворафан хабарлаған. Көршілері болса, әйелдің үйінен шыққан жағымсыз иіске шағымданған. Әйелдің денесін бетонмен құйып, тоңазытқышқа салып қойған. Марқұмның қол-аяғы байлаулы, ал басына пакет кигізілген.

Оқиғаға әйелдің досы күдіктеліп отыр. 

Сондай-ақ марқұмның автомобилі мен банк карталары жоғалып кеткен. Шотынан бірнеше рет ірі сома алынған.

Тегтер: Таиланд