$ 494.87  520.65  4.91

«Менің кәсібім» - көпбалалы отбасыларға тиімді жоба

«Менің кәсібім» жобасы көпбалалы отбасыларға шағын кәсіп жасауды, үйде отырып-ақ қолдан кәсіп жүргізуді насихаттайды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының 15 көпбалалы отбасы «Арбат» алаңында өткен жалпықалалық жәрмеңкеге қатысты. «Менің кәсібім» жобасының қатысушылары үй торттарын, маусымдық дайындама, кондитерлік өнімдер дайындауда өз шеберліктерін көрсетті, қол өнер туындылары және т.б. ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің кәсібім» жобасы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша осы жобаны іске асырумен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен авторы Айжан Нұрланова айналысады. Жалпы үйлестіруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.

«Менің кәсібім» жобасы көпбалалы отбасыларға шағын кәсіп жасауды, үйде отырып-ақ қолдан кәсіп жүргізуді насихаттайды. Көпбалалы ата-аналар еңбекақыларынан бөлек, мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, қосымша табыс көзін тауып, ел қатарлы жақсы өмір сүруге құқылы. Біз сондықтан кәсіп жағынан кәсіби сауат ашуға кәсіби кеңес береміз» дейді Айжан Нұрланова.

Алғашқы меморандумға Алматы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрланова қол қойды. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен жасалатын болады. Жоба аясында мұқтаж азаматтарға үй бизнесін жүргізуге көмек көрсету қажет.

Бүгінгі шараға қатысқан Алмалы ауданының тұрғыны бес балалы Гүлжан Жарқынқызы өзіне қажетін тауып, қуанышы еселеніп отыр. Көпбалалы ана бұған дейін тәтті тағамдар дайындап сатып келген. Енді осы жәрмеңке арқылы шұлық тоқып сатуға ниетті екенін жасырмады.

«Бұған дейін мерекелік тәттілер пісіретінмін. Кейде әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, жеке адамдардың қалауын орындап жүрдім. Кейін жеке мекемелер тапсырыс беріп, ұжымдық тәттілер де пісіре бастағанмын. Ал бүгін шұлық тоқып немесе тігіп сатуды да қолға алсам деймін. Себебі бұған дейін де жас кезімде тоқыма өнеріне жақын болғам. Енді осы Айжан ханымның арқасында тоқуды қайта меңгеріп, оны жақсы бір іске айналдырсам деп отырмын» деді Г.Жарқынқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары