$ 494.87  520.65  4.91

Парақорды ұстап берушіге 10 миллион теңгеге дейін сыйақы беріле ме?

Ең шекті деңгейден аспайтын (10 млн теңгеден) сыйақы тағайындау ұсынылып отыр.
фото: 24tv.ua/ru
фото: 24tv.ua/ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Үкімет қарауына осындай ұсыныс енгізіп отыр. Бұл туралы бүгін агенттіктің алқа отырысында төраға Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Егер пара немесе мемлекетке келген залал көлемі 2,5 млн теңгеден асса, осы соманың 10 пайызын, бірақ, ең шекті деңгейден аспайтын (10 млн теңгеден) сыйақы тағайындау ұсынылып отыр», - деді Алик Шпекбаев өз баяндамасында.

Оның айтуынша, бұл ұсынысты мемлекеттік органдардың бәрі қолдаған, сондықтан, өзгеріс жақын арада Үкіметтің тиісті қаулысына енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары