Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Үкімет қарауына осындай ұсыныс енгізіп отыр. Бұл туралы бүгін агенттіктің алқа отырысында төраға Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Егер пара немесе мемлекетке келген залал көлемі 2,5 млн теңгеден асса, осы соманың 10 пайызын, бірақ, ең шекті деңгейден аспайтын (10 млн теңгеден) сыйақы тағайындау ұсынылып отыр», - деді Алик Шпекбаев өз баяндамасында.
Оның айтуынша, бұл ұсынысты мемлекеттік органдардың бәрі қолдаған, сондықтан, өзгеріс жақын арада Үкіметтің тиісті қаулысына енгізіледі.