$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Рухани келісім күні аталып өтті

Мегополисте дін саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген мамандар марапатталып, арнайы көрме де ұйымдастырылды.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қалалық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры және Алматы қаласындағы діни бірлестіктер жетекшілерінің клубының ұйымдастыруымен Рухани келісім күні мерекесі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мегополисте дін саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген мамандар марапатталып, арнайы көрме де ұйымдастырылды.

Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Оның айтуынша, Елбасының ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтауға негізделген саясаты қоғамдағы тыныштықтың кепілі болып келеді.

«Алматы қаласында еліміздің ең ірі діни бірлестіктері, рухани орталықтары шоғырланған. Қалада ислам, христиан, иудаизм, буддизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері көп. Осыған орай бүгін елімізде Рухани келісім күні кең көлемде аталып өтуде. Бұл мерекенің 27 жылдық тарихы бар. Естеріңізде болса ең алғаш 1992 жылы Алматыда Елбасының қатысуымен І әлеуметтік конгресс өткен болатын. Сол жылдан бері Рухани келісім күні дәстүрлі түрде аталып өтуде. Мақсаты – еліміздегі мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту. Сонымен қатар, ең басты құндылығымыз – тұрақтылықты сақтау» деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Бұл идея Елбасының бастамасы бойынша рухани үйлесімділікті ұйымдастыру туралы мәселесінен туындаған болатын. Сондай-ақ, адамзаттың болашағына бағытталған осы бастама – қазіргі және келешектегі жаһандық қауіп-қатерлерді еңсеруге бағытталған перспективалық бастама екенін анық.

«Біз – дос болам деген адамға құшағын айқара ашқан кең пейіл халықпыз. Көңілімізбен пиғылымыз қандай кең болса Жаратушы иемізде бізге сондай ұланғайыр жерді еншімізге бұйыртқан. Бұл жай әшейін кездейсоқтық емес екені тарихтан хабары бар адамның бәріне аян. Ұлт пен ұлыстар арасындағы татулық тұрақты болып, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!» дейді салтанатты шараға қатысқан Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай.

Рухани келісім күнінін тойлауға келген қатысушылар, Қазақстан зайырлы мемлекет. Татулық, ауызбірлік, мейірім мен кішіпейлділіктің үлгісі болған ел екенін атап өтті.

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқарманың мәліметінше, қалада 17 конфессияның 180 діни бірлестігі тіркелген.

Айта кетейік, мерекелік шара аясында тақырыптық кітаптардың және фотосуреттердің көрмесі, концерттік бағдарлама ұымдастырылды. Ал, кездесуге жиналған ғалымдар мен дін өкілдері Қазақстанда бейбітшілік идеяларын қалыптастыру және нығайтудағы діндердің рөлін ескеріп, халықты ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары