$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық ұстаз оқушыны не үшін сабағанын түсіндірді

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы мектепте шәкіртіне қатаң жаза қолданған ұстаз бейнеленген видео жарияланған соң бірқатар фактілер анықталып отыр деп жазады KTK.

Мәселен ғаламторда тараған видео 2013 жылдың қараша айында түсірілген екен. Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Замир Рахымбеков 8-ші сыныпта оқитын қыздың намысына тиетін қылық жасаған баладан бастапқыда кінәсін мойындауды сұрапты. Бірақ мәселе сөзбен шешімін таппаған соң қол көтеруге тура келді деп отыр ұстаз. Дегенмен, мектеп басшылығы сол кезде таяқпен тәртіпке шақырмақ болған 27 жастағы тарих пәнінің мұғаліміне сөгіс жарияласа, 3 күн бұрын оған тағы қатаң ескерту жасалды.

Замир Рахимбеков, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп директорының орынбасары:

Мойындамағандықтан қол жұмсауыма тура келді. Бірақ сол кезде екі оқуышыны табыстырамын деп ойлағанмын. Аружан сол кезде маған жылап келмегенде бұндай жағдай болмас па еді.  Мойындамаған кезде сондай жағдай болып қалды енді. Әрине, ол менің кінәм. Ол мұғалімге жат нәрсе. Сол кезде бір қызбалық болып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары